«Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!

Блог - klara_yermagambetova: «Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!Jas.kz ақпараттық-танымдық порталы 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Біз ғашық жандармыз» атты байқау ұйымдастырады.

Байқаудың басты мақсаты:

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғыснан насихаттау;
Жастардың әлеуметтік желіде сауатты жазуына көңіл бөлу;
Жастардың арасындағы бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдерді дәріптеу;
Әлеуметтік желідегі позитив ақпараттардың санын көбейту.
Байқау бойынша талап:

Екі жас өздерінің махаббат хикаясын қысқаша жазып (love story), суретімен бірге Facebook, Instagram немесе ВКонтакте желісі арқылы #15сәуір және #omirartstudio хештегтерін қолданып, жариялау керек.
Байқау сәуір айының 14-не дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 15 сәуір күні анықталады.

Жеңімпаз екі жасқа ұлттық нақыштағы бұйым жасаудың шеберлері Өмір арт студиясынан құнды сыйлық табысталады.
Әрі қарай

Ғашықтар күніне күтпеген сый (Әңгіме)

Махаббатизация: Ғашықтар күніне күтпеген сый (Әңгіме)
Знаете, каковы главные правила съема?! Их нет! © Доктор Хитч «Правило съема: Метод Хитча»

Параллель әлем
Каспидің бойындағы кафедегі сүйкімді даяшымен қылжақтасып болып, шашлык пен сыра ақысын төлеп, орнымнан тұрдым да, қарсымдағы айнаға бір қарадым. Бәрі орнында екен. Жолайы, манадан бері тесіліп отырған бір қыздың есімі мен телефонын жазып алып, есікке беттедім.
Ақтау Сити жоспары елді еліткен 2007-ші жыл, біртүрлі жыл еді өзі… Талай жергілікті жастардың алдын ала мақтанышына айналған 3Д-да салынған суреттеріне арбалып, ұзақ қарап, жүрегіміз елжірейтін еді…
Әрі қарай

Романтикаға шөлдеген жастар...


15-сәуір "Ұлттық ғашықтар күні" етіп атап өтейік деп ұсыныс тасталғанын жақсы білесіздер. Негізінде 14-ақпан күнінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Тек сол "әулие" дегеннен құтылудың амалын жасаған сияқты. Бірақ күн жылыған кезде тіптен жақсы болды. Осы күнге орай Алматыда (басқа қалалар жағын білмедім) «аспан фонариктерін» ұшыру үрдісін ұйымдастырған еді. Шара жайлы көп ақпарат берілген жоқ. Алайда Интернеттің күші сол, ұйымдастырылған жер — «Тұңғыш президент паркі» ығы-жығы адамға толы болды. Ғашығы бар, емесі бар, отбасымен келіп фонариктер ұшыруға қызыққан жұрттан аяқ алып жүргісіз.Осыдан-ақ елдердің романтикаға шөлдеп қалғанын аңғаруға болады. Шыдамсыз жұрт аталған 22:00-дің орнына сағат 21:00-ден бастап жібере бастаған сияқты. Көппен бірге бір уақытта жібергенде тіптен әдемі болар ма еді?
Әрі қарай

15- сәуір Ғашықтар күні.

Бүгін 15- сәуір білесіздер. алдында осы күнді ҒАШЫҚТАР КҮНІ қылып белгілегенін.


Сонымен, өзіміздің қазақша ғашықтар күнімізді кереметтей ғып атап өтейікші. 14- ақпанның әсерінен құтылып, осы күнді өзімізге мейрам күні қылайық. Басында өз мейрамымыз жоқ деп едік, енді белгілі дата берілген соң 14- ақпанмен санасы уланғандардан да кереметтей қылып тойлайық та.

Сонымен бәрлеріңізді бүгінгі ғашықтар күнімен құттықтаймын!!!
Әрі қарай

«Ұлттық ғашықтар күні» VS Валентиннің күні

«Әулие Валентин күні» деп католиктер 14 ақпанда атап өтетін ғашықтар күнін алматылықтар 15 сәуірге шегерді. Бұл туралы Алматы қалалық білім беру басқармасының жанындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы Қатипа Молдабаева мәлімдеді.

Қаңтар айында Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет, жастар саясаты мәселелері жөніндегі және баспасөз қызметі алда жасалатын шаралардың жоспарын бекітті. Осы құжаттың 7 бөліміне сәйкес, «Ұлттық ғашықтар күні» 15 сәуірде кең көлемде аталып өтілетін болды. Осы құжатқа және жасөспірімдерді бұрыс тәрбиеге бағыттайтын бұл мерекеге қарсылық білдірген ата-аналардан келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты биыл Әулие Валентин күні қала мектептерінде ескерусіз қалды. Сонымен қатар «Болашақ» қозғалысы 11 ақпан күні «Валентин күні» атап өтуге қарсы шаралар ұйымдастырды.
Әрі қарай